Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды

Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды

Михаил Козачков шартты түрде 3,5 жылға сотталды
ашық дереккөзі
50380

Журналист Михаил Козачков 3,5 жылға шартты түрде сотталды деп хабарлады turkystan.kz.

Журналиске қатысты сот үкімін Алматы соты шығарды. 

Еске салсақ, қаржы мониторинг агенттігі журналист Михаил Козачковты қылмыстық топқа рейдерлік басып алулар жасауға көмектесті деген күдікпен ұстаған еді. 

Кейін Ақорда журналистің ұсталуына қатысты пікір білдіріп, қылмыстық істі заңнамаға сәйкес тек құқық шеңберінде ғана қаралу керегін мәлімдеді. 

«Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті. Қазақстан азаматы ретінде журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс», - деді Руслан Желдібай. 

Серіктес жаңалықтары