Екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен

Екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен

Екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен
ашық дереккөзі
50219

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өтуі туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін Кореяға кіруге тыйым салынған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз шығып кеткен.

«Олардың бірін кейін жергілікті полицейлер ұстады, екіншісін іздестіру жалғасып жатыр», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Белгілі болғандай, бұл азаматтар Оңтүстік Кореяға 24 наурыз күні Ташкенттен «Koreanа» ұшағымен келіп, депортация рейсін күтіп тұрған.

Ведомствоның баспасөз қызметі Қазақстанның Сеулдегі Елшілігі осыған орай Корея Республикасының уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста екенін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары