Ерекше балалардың ата-аналарын не шабыттандырады?

Ерекше балалардың ата-аналарын не шабыттандырады?

Ерекше балалардың ата-аналарын не шабыттандырады?
ашық дереккөзі
50523
«Болашақ» корпоративтік қоры Астана қаласында 2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған «Ерекше балалардың ата-аналарын не шабыттандырады?» тақырыбында кездесу өткізеді деп хабарлады turkystan.kz. TED TALK форматында аутизмі бар балалардың ата-аналары өз тәжірибелерімен бөлісіп, дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестері мен ұсыныстарын айтады, балалары оларға табыс пен жетістікке жетуге шабыт бергенін жеткізеді. Сонымен қатар сиблингтер – балалардың бауырлары сөз сөйлеп, ерекше туыстарымен қарым-қатынас құру тәжірибесімен, аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар баламен бір отбасында тәрбие алу ерекшеліктерімен бөліседі. Сондай-ақ іс-шараға психотерапевтер, психиатрлар, мінез-құлық талдаушылары және басқа да мамандар қатысады. Шара ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері үшін де, олармен жұмыс істейтін мамандар үшін де пайдалы болмақ.  width= Іс-шарада «Autism. Қолжетімді орта» қайырымдылық қорының және «Қамқор Әке» аутизмі бар балалардың әкелер қоғамдастығының басшылары, ақтөбелік ерлі-зайыпты Руслан мен Сара Қазыбаевтар, «Ерекше бақыт» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, заң ғылымдарының магистрі Светлана Ордабай, балалар психиатры Татьяна Дегтярь, мінез-құлық талдаушысы, «Болашақ» қорының кураторы Айнур Нурова, сондай-ақ «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан және т.б. сөз сөйлейді. Кездесу барысында спикерлер оқыту мен мінез-құлықты түзетудің тиімді әдістемелері, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету, ерекше балалар мен олардың отбасыларының құқықтары, бала тәрбиеленетін отбасыдағы ерлі-зайыптылардың бір-бірін өзара қолдаудың маңыздылығы, аутизмі бар егіздерді тәрбиелеудің ерекшеліктері және басқа да тақырыптарды талқылайды.  width=

Серіктес жаңалықтары