Таисия Алексеева әлем чемпионатында күміс алды

Таисия Алексеева әлем чемпионатында күміс алды

Таисия Алексеева әлем чемпионатында күміс алды
ашық дереккөзі
50260
Қазақстандық ауыр атлет Таисия Алексеева Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алды деп хабарлады turkystan.kz. Дүбірлі додада қыздар арасында 64 келіде сынға түскен Т.Алексеева серпе көтеруде 89 келіні бағындырса, жұлқа көтеруде 112 келіні төбесіне көтерді. Қоссайыстың нәтижесінде ол 201 келіні еншісіне жазды. Қазірге дейін әлем чемпионатында ел құрамасынан Ерасыл Сәулебеков (73 келі) чемпион атанса, Арапбай Нурасыл (67 келі) және Дарья Балабюк (55 келі) қола жүлдегер атанды.

Серіктес жаңалықтары