Болат Назарбаев автобазарынан айырылуы мүмкін

Болат Назарбаев автобазарынан айырылуы мүмкін

Болат Назарбаев автобазарынан айырылуы мүмкін
ашық дереккөзі
50515
Болат Назарбаев "Барыс" автобазарынан айырылуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, Қарасай ауданындағы сотта прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасында талқылау жүріп жатыр.
"Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы ауданы 35 гектардан асатын жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды талап етеді. Мұның себебі қарапайым: бұл учаскелер "суармалы егістік" ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатқызылды, ал жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптары ерекше қорғалуға жатады. Нысаналы мақсатын өзгертуге ешқандай негіз жоқ, жол берілмейді", - делінген "Пятый регион" материалында.
БАҚ жерді беру фактісі өрескел бұзушылықтармен болғанын атап көрсеткен. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды және оларды мемлекет балансына қайтаруды талап еткен. Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаев Алматыдағы зауыттың 31,9 пайызын мемлекетке қайтаруға міндеттелген болатын. 16 наурызда Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызы бойынша Болат Назарбаев пен PLS-TM ЖШС-ны Алматы ауыр машина жасау зауытының акцияларын мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттегені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары