Ел алғысына бөленген етікші келіншек

Ел алғысына бөленген етікші келіншек

Ел алғысына бөленген етікші келіншек
ашық дереккөзі
50921
Етікшілік өнерді ебі барлар ғана таңдайды. Өйткені асқан шыдамдылық пен ептілікті қажет ететін бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Жаңа техно­ло­гия дәуірінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан кө­не кәсіпті серік еткендерді аз кездестіреміз. Бір қы­зы­ғы, етікшілік ерлердің ғана ісі емес екен. Мәселен, бү­гінгі кейіп­керіміз Гүлдана Хауашеваның сүйріктей сау­сағы­мен балға мен біз ұстап, маңдайтермен табыс тауып жүр­­­­геніне он жеті жыл болыпты. Маңғыстау өңірінде туып, бүгінде Аты­рау об­лысы Мақат кентіне келін бол­ған Гүлдана Хауашева етікшілік өнер ар­ғы аталарынан дарығанын айтады. Бала кез­ден қуыршаққа қызықпаған қыздың аң­сары гаражда тұрған темір-терсекке ауа бе­ріпті. Бұған қоса, тігін машинасын іске қо­сып, теріден түрлі зат тігіп үйренген. Өсе ке­ле, бұл іске деген қызығушылығы арта бе­ріп­ті. Сөйтіп, 2006 жылы аяқкиім жөндеу ісін қолға алады. Алдымен отбасы мүшелерінің, көр­шілерінің аяқ киімін жөндейді. Ары қа­рай тапсырыс берушілер саны көбейген соң, шеберхана ашқан. Бастапқыда оның бұл ісіне таң­данып, күдікпен қарағандар аз болмапты. Алай­да жұмысына көңілі толған соң, тұрақты клиентіне айналған. Бүгінде еңбегімен ор­та­сына сыйлы болған келіншек ауылдаста­ры­ның алғысына бөленіп жүр.  width=
«Кәсіп бастайтын кезде аздап қиын­дық­тар болды. Желімдердің түрі, пропорциялары бо­ла­ды. Сосын терінің түрі көп қой. Соның іші­­нен сапалысын таңдай білу керек. Құрал-жаб­дыққа көп нәрсе байланысты. Бәрі жет­кі­лікті болса, жұмысың жеңілдейді. Етіктен бөлек сөмке де жөндейміз, кілт жасаймыз. Кейде ат әбзелдерін алып ке­леді. «Жүгенін ұзартып берсеңіз, түйенің ноқ­тасын тігіп берсеңіз» деп өтініш айтқан соң, соны жасап береміз. Қазір малдарға, кө­бі­не жылқыларға навигатор орнататын бол­ған. Соған қапшық та тігіп береміз. Балаларым кө­мектеседі», – дейді Гүлдана Хауашева.
Етікшінің шеберханасына күніне отыз адамға дейін келеді. Тек өзінің ауыл­дастары ғана емес, алыс-жақын ауылдардан ар­найы іздеп келетіндер де бар. Әр адамның талғамы әртүрлі. Етікші клиенттеріне жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, аяқкиімді сапалы етіп тігуге тырысады. Тігіп қана қоймай, оны қа­лаған түсіне бояп та береді. Гүлдана Хауа­шева бұл жұмысты балаларына да үйретіп, отбасылық кәсіпке айналдырыпты.
«Етікшілік – қол күші көп жұмсалатын іс. Басында теріміз жарылып кететін, қазір үйрендік. Етікші дегенде көпшілігіміздің көз ал­дымызға кішкентай дүңгіршекте бізбен етік тігіп отырған адам елестейтіні рас. Бірақ қазір заман өзгерген. Шеберханамызда түрлі за­манауи құрал-жабдықтар, аппараттар бар. Оның көмегімен ескі етіктің өңін келтіріп жөн­деуге, тар аяқкиімді кеңітуге болады. Бізге се­нім артып келген адамдардың алғысын алып жүрміз. Бұл іс мені сабырлыққа, мұқият болуға, шыдамдылыққа үйретті. Жұмыста түрлі қызық оқиғалар бо­лады. Кейде үлкен кісілер келеді. Жөн­деп болған соң, аяқкиімін киіп көреді де «Ал балам, отыр» дейді. «Не айтайын деп жа­тыр?» деп қобалжып тұрғанда, жұмысыңа ри­за болып, батасын беріп жатады. Осыдан ас­қан қуаныш жоқ», – дейді етікші келіншек.
 width= Гүлдана Хауашеваның қолынан аяқкиім тігу де келеді. Ең бірінші жұмысы – күз­гі мау­сым­да киетін бәтеңке. Оны жолда­сы­на арнап тік­кен. Енді осы істі дамытуға бел буып отыр. Алай­да етікші аяқкиімге қажетті материал­дар­ды шетелден алдыруға мәжбүр екенін айтады.
«Италия, Түркиядай болмасақ та, отандық өн­діріс ақырындап дамып келеді. Елімізде был­ғары өңдеу ісі қолға алынса деймін. Етік­шілерге сапалы былғары қолжетімді болса, ел тұрғындары отандық өнімді қуана алар еді», – дейді ол.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары