Ертең АҚШ босқындарды қайта қабылдай бастайды

Ертең АҚШ босқындарды қайта қабылдай бастайды

Ертең АҚШ босқындарды қайта қабылдай бастайды
ашық дереккөзі
247
АҚШ президенті Дональд Трамптың тыйымы күшіне енген бір аптаның ішінде америкалық билік әлемнің түрлі елінен 843 босқынды қабылдаған. Көші-қонға жауап  беретін шенеуніктердің анықтауынша,  бұл босқындар – Трамптың жарлығы күшіне енгенше қажетті кедендік шараларды жасап үлгергендер.   Ертең 6 ақпанда босқындарды қабылдау қайта жанданады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, федералдық сот Дональд Трамптың иммигранттық жарлығын уақытша тоқтатқаннан кейін босқын Америкаға кіруге мүмкіндік алды. – Біз кейбір босқындар дүйсенбі күні келеді деп күтудеміз, –  деді АҚШ Мемлекеттік департаменті.

Серіктес жаңалықтары