Ақтөбеде полиция басшысына қатысты іс қозғалды

Ақтөбеде полиция басшысына қатысты іс қозғалды

Ақтөбеде полиция басшысына қатысты іс қозғалды
ашық дереккөзі
50275
Ақтөбеде полиция басшыларының біріне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдік бойынша Ақтөбе қаласы №3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі соталды тергеп-тексеруді бастаған. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жарияланбайды.
«Полиция қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты сенім телефоны арқылы хабарлауға болады- 8/7132/52-16-91. Анонимділікке кепілдік беріледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары