Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
ашық дереккөзі
50254
Алматыда өткен түнде «Жетісу» базары аумағында жолаушылар автобусы өртенді деп хабарлады turkystan.kz Видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 сәуірде түнгі сағат 23:10-да Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағынауданы, 181/2 мекенжайындағы үйдің маңында 125-інші бағытта қатынайтын «Лиаз-529265» маркалы автобус өртенді. «Өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері сағат 23:16-да жетті. Жалынды сөндіруге және автобус конструкциясын салқындату үшін дереу көбігі бар оқпандар берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің тарауы сағат 23:19-да тоқтатылып, сағат 23:22-де толық ауыздықталды. Оқиға себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен. Қалалық ТЖД көлік құралдары тез өртенетінін, небары 2-3 минут ішінде оны толық жойып жіберетінін еске салады. Сол себепті, көлікте өрттің алғашқы белгілері пайда болған кезде жолаушылар есіктерден немесе қосалқы шығатын жерлерден дереу шығып кетуі қажет.

Серіктес жаңалықтары