8 өңірде жолға күрделі жөндеу жұмыстары басталды

8 өңірде жолға күрделі жөндеу жұмыстары басталды

8 өңірде жолға күрделі жөндеу жұмыстары басталды
ашық дереккөзі
50356
Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Атырау мен Алматы, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарындағы жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды деп хабарлады turkystan.kz. Қайта жаңарту жұмыстары бес күре жолда жалғасын тапты. Олардың қатарында  «Атырау-Астрахан», «Қарағанды-Балқаш», «Меркі-Бұрылбайтал», «Күрті-Бұрылбайтал», «Талдықорған-Өскемен» автожолы бар. QazAvoJol–дың мәліметінше, тағы 18 республикалық маңыздағы тасжолда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мәселен, биыл "Сарыөзек-Көктал" (45-68 шақырым арасы), Құрық-Жетібай (0-40, 40-64 шақырым арасы) трассаларының бірқатар бөліктерін күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Ал орташа жөндеу жұмыстарымен «Самара-Шымкент», «Алматы-Шелек-Қорғас», «Шымкент қаласының айналма жолы» күре жолының учаскелері қамтылды. Биыл республикалық жол желісі бойынша 3,6 мың шақырым жол қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса, 3,4 мың шақырым республикалық маңыздағы жол орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 8 мың бірлік арнайы техника мен 12 мың маман жұмылдыру көзделген.

Серіктес жаңалықтары