Тұрлыхановтың ұлы ерлі-зайыпты заңгерлерді соққыға жыққан видео тарады

Тұрлыхановтың ұлы ерлі-зайыпты заңгерлерді соққыға жыққан видео тарады

Тұрлыхановтың ұлы ерлі-зайыпты заңгерлерді соққыға жыққан видео тарады
ашық дереккөзі
50344
Әлеуметтік желіде атақты спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың Алматыда заңгерлерді соққыға жыққан видеосы тарап кетті деп хабарлады turkystan.kz. Зардап шеккендер Анна Дмитриевич пен оның ері Олег Чернов. Белгілі болғандай, оқиға 11 ақпан Алматыдағы сауда үйлерінің біріндегі көлік тұрағында болған. Ер адам қасындағы қызын ұрған және оған араша түспек болған ерлі-зайыптыларды соққыға жыққан. Видеодан Нұрасылдың ер адамды соққы астына алғаны және әйел адамды жағынан қатты ұрғанын көруге болады. Еске салсақ, Дәулет Тұрлыханов бұған дейін бұл оқиғаға қатысты көпшілік алдында жауап беріп, құқық қорғау органдарын әділ шешім қабылдауға шақырған болатын.
Иә, ол – менің ұлым. Ол барлық әрекеті үшін өзі жауап береді. Құқық қорғау органдары соңғы шешімді шығарады, – деді ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ЮРИСТЫ | АДВОКАТЫ🇰🇿АЛМАТЫ ©️ (@pro.pravo.kz)

Серіктес жаңалықтары