Ливияда Еуропаға өтпек болған 110 босқын ұсталды

Ливияда Еуропаға өтпек болған 110 босқын ұсталды

Ливияда Еуропаға өтпек болған 110 босқын ұсталды
ашық дереккөзі
241
Ливияның жағалау күзеті теңіз арқылы Еуропаға өтпек болған 110 босқынды ұстады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, бір аптаның ішінде 1300-ден астам адам шекара аспақ болған. Соңғы уақытта Ливия босқындар үшін Еуропаға өтетін көпірге айналғаны жасырын емес. Бұл жағдай контрабандамен айналысатындардың табыс көзіне айналған. Олар келімсектерден қыруар қаржы алып, оларды ашық теңізге үрілген немесе ағаш қайықтармен жіберіп отырған. Осылайша, көп жағдайда босқындар діттеген жеріне жете алмай орта жолда мерт болған. Айта кетейік, өткен жылы Еуропаға бет алған 4 мыңнан астам мигрант суға кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары