Ақтөбеде «Qnet» компаниясына қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде «Qnet» компаниясына қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде «Qnet» компаниясына қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
50714
Ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі растады деп хабарлады turkystan.kz Диапозон ақпараттық порталына сілтеме жасап.
««Qnet» қаржы компаниясы туралы білеміз. Ол бойынша көптеген өңірлерде оның өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында да. Үш өңірде үш күдікті ұсталды және оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Екі өңірде залалдың өтелуіне байланысты істер аяқталды. Ақтөбе облысында бізде күдікті анықталды, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жәбірленушілер бар», - деп жауап берді Қаржы мониторингі агенттігі басқармасының басшысы Өмірсерік Тәжмағанбетов
Қаржы мониторингі агенттігі, сонымен қатар, қаржы пирамидаларымен күресудің жаңа әдістері мен тәсілдері туралы айтты. Енді сотқа дейінгі тергеуді бастау үшін жәбірленушінің өтініші қажет емес.
«Жәбірленушілердің өтінішін күтудің қажеті жоқ. Ол үшін уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылдың арнайы тетігі әзірленді. Мәселен, екінші деңгейдегі екі банк клиенттің күдікті қаржылық операциялары туралы хабарлады. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған екен. Банктердің ақпараттарын тексеру нәтижесінде еліміздің 8 өңірінде болған қаржы пирамидалары жойылды, онда 3 мыңнан астам жәбірленуші болды, олар қаржы пирамидаларына бір жарым миллиард теңге инвестициялаған», - деді Қаржы мониторингі агенттігі басқармасы басшысының орынбасары Андрей Давыдов.

Серіктес жаңалықтары