Ұлбосын Есенбекова: «Мақсатым – жаңашыл үлгіде сапалы білім беру»

Ұлбосын Есенбекова: «Мақсатым – жаңашыл үлгіде сапалы білім беру»

Ұлбосын Есенбекова: «Мақсатым – жаңашыл үлгіде сапалы білім беру»
ашық дереккөзі
50578

Кеше Журналистика және саясаттану факультетінде «ЖОО оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Есенбекова «Заманауи медиа технологиялар» пәні бойынша «Журналистика» мамандығының 1-курс магистранттарымен ашық сабақ өткізді.

Сабақ «Медиа технологияларды қоғамдық психологияны қалыптастыруда қолдану» тақырыбына арналды.

Ашық сабаққа Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы, факультет деканының орынбасарлары Болатова Гүлжаухар Жамбылқызы, Байғожина Дана Өнірбекқызы, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы, Журналистика және саясаттану факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясының төрайымы Пернебекова Айжан Пернебекқызы, профессорлар Тапанова Сәуле Есембекқызы, Тахан Серік Шешенбайұлы, Ақсейіт Ғалия Манатқызы және басқа да оқытушылар қатысты.

Сонымен қатар сабақ Microsoft Teams платформасында онлайн трансляцияда көрсетіліп, оған АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния университетінен, Біріккен Араб Әмірлігінен, Ресейден қонақтар қосылды. Бұдан бөлек отандық университеттер де шарадан тыс қылмай, Түркістаннан Қазақ-түрік университетінің профессоры Сердәлі Бекжігіт, академик Бөкетов атындағы университетінің кафедра меңгерушісі Жанар Рамазанова, Алматыдан Қазақ ұлттық университетінің, Оңтүстік-Қазақстан университетінің оқытушылары мен білім алушылары онлайн қатысты. Назарбаев университеті мен Астана IT университетінің өкілдері мен білім алушылары да ашық сабақты онлайн тыңдады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлері мен сыни ойлау, кейс-технология, бақылау сұрақтары және басқа да методологиялық тәсілдердің озық үлгісін көрсеткен профессордың жан-жақты білімі мен шеберлігін қатысушылар жоғары бағалады.

Ашық сабақтың соңында пікір білдірген спикерлер Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қ.Сақ, факультет деканының орынбасарлары Г.Болатова және Д.Байғожина, факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясының төрайымы А.Пернебекова, профессор С.Тапанова, доцент Ғ.Ақсейіт, кафедра меңгерушісі С.Дүйсенғазы және Нью-Йорктен қосылған докторант Ж.Алдабергенова, отандық және шетелдік мамандар дәрістің технологиялық қамтылуын, дәріскердің жоғары кәсіби деңгейін, магистранттардың жақсы білімін атап өтті.

 width=

Серіктес жаңалықтары