Марина Седнева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Марина Седнева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Марина Седнева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
ашық дереккөзі
50234
Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандық Марина Седнева (55 келі) қола жүлдегер болды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық балуан 3-орын үшін сайыста Нгуень Ти Май Трангпен шеберлік байқасты. Белдесу барысында ол жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Айта кетсек, бүгін және ертең әйелдер күресінен Азия біріншілігі өтеді. Бүгін 50, 55, 59, 68, 76 келідегі балуандар жүлделерді сарапқа салды. Олардың арасынан ел құрамасынан Маринадан басқа Эльмира Сыздықова (76 келі) финалға шықса, Диана Каюмова (59 келі), Елена Шалыгина (68 келі) қола жүлдеге таласады.

Серіктес жаңалықтары