Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмды
ашық дереккөзі
50261
Павлодар облысында жол апатынан 2 жасар бала көз жұмып, тағы үш адам ауруханаға жатқызылды деп хабарлады turkystan.kz. 9 сәуір сағат 20:30 шамасында Ақсу қаласының маңындағы Ленинский-Курчатов және Ақсу-Үштерек автожолдарының қиылысында Toyota Corona және Audi-80 көлігі соқтығысты.
«Салдарынан Audi-80 автокөлігінің жас жолаушысы, 2021 жылы дүниеге келген бала оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал Audi-80 жүргізушісі, 29 жастағы және 28 жастағы жолаушылар Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Автокөліктер айып тұрағына қойылды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары