50947
Бұйрық қабылданды: оқу жылы қашан аяқталатыны белгілі болды
Бұйрық қабылданды: оқу жылы қашан аяқталатыны белгілі болды
2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы қабылданды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі парақшасында жазды.
Бұйрық бойынша:
- Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.
- 9 (10)-сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізіледі.
- 11 (12)-сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өтеді.
- Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілген: