Шәкәрім университетінің 187 оқытушысында Хирш индексі бар – Жанар Қалибекқызы

Шәкәрім университетінің 187 оқытушысында Хирш индексі бар – Жанар Қалибекқызы

Шәкәрім университетінің 187 оқытушысында Хирш индексі бар – Жанар Қалибекқызы
ашық дереккөзі
50729
12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні. Ғылыми-зерттеу – білім берумен қатар университеттегі негізгі қызметтердің бірі екені белгілі. Қазіргі уақытта кез келген университеттің ең құнды активі – профессорлық-оқытушылық құрам. Жоғары оқу орындарының жетістігі осы құрам жұмысының біліктілігі, сапасы және тиімділігімен өлшенеді. Ал университеттің жетістігі оқу орнының бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда Шәкәрім университеті қызметкерлерінің саны 970 адамды құрайды. Оның 52%-ы ғылыми дәрежеге ие тұлғалар, яғни, 18-і ғылым докторы, 115-і ғылым кандидаты, 41-і PhD докторлар. Жыл сайынғы «Үздік оқытушы» конкурсында кейінгі екі жылдың нәтижесі бойынша 11 адам аталмыш ғылыми дәреженің иегері атанды.  width= Университетте кейінгі екі жылда 19 докторлық диссертация қорғалып, PhD дәрежесі берілді. Соңғы жылдары жас кадрлардың айтарлықтай ағыны байқалады. Қазіргі таңда университетте 35 жасқа дейінгі 126 қызметкер жұмыс істейтіні болашақтан үлкен үміт күттіретіні сөзсіз. Аталмыш жоғары оқу орнындағы ғылыми қызметтің тиімді жүзеге асуының негізгі көрсеткіштерінің бірі  жарияланым белсенділігі екенін айта кеткен жөн. Жарияланымдардың тұрақтылығына қызметкерлер ғана емес, университет те мүдделі. 2021 және 2022 жылдары университет профессорлық-оқытушылық құрамының 25 монография, 71 оқу құралы, 52 оқу-әдістемелік құрал, 1 317 ғылыми мақалалар мен баяндама тезистері жарық көрді. Сондай-ақ ҚР Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 44 куәлік, 17 патент және пайдалы модельге ҚР патентін беру туралы 6 оң шешім алынды. Университет ғалымдары кейінгі екі жыл ішінде Scopus базасында 140 мақала және Web of Science-та 52 мақала жариялады. Шәкәрім университетінің 187 оқытушысында ғалымның ғылыми өнімділігін бағалайтын ғылыми көрсеткіш – Хирш индексі бар. Оқу орындарының ғылыми қызметінде Халықаралық ынтымақтастық та маңызды орын алады. 2022-2023 жылдары университетте 15 елдегі (Түркия, Франция, Польша, Болгария және т.б.) университеттермен 32 меморандум жасалды. ҚР ҒЖБМ-нің оқу үдерісіне шетелдік профессорларды тарту бағдарламасына сәйкес, 2022 жылы университетте Финляндия, Түркия және Мажарстан елдерінен келген 5 шетелдік ғалым нәтижелі жұмыс атқарды. Қазіргі таңда аталған ғалымдар магистрлік, докторлық диссертацияларға кеңесшілік етіп, университет ғалымдармен бірлескен жобаларға қатысып, ғылыми мақалалар әзірлеуде. Бүгінде университетте АҚШ пен Түркиядан келген 2 ерікті оқытушы жұмыс істеп жатыр. 2023 жылдың сәуір айында Германиядан инклюзивті білім беру саласы бойынша сарапшы ғалым келуі керек. Сонымен қатар біздің білім ошағымыз халықаралық жобаларды дамыту бағытында ұдайы оң нәтижелер көрсетіп келеді.  width= Шәкәрім университетінде студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің рейтингі олардың ғылым жасауға қатысу үлесін есептеуге мүмкіндік берді. Мәселен, рейтинг нәтижесінде студенттердің ҒЗЖ-ға қатысуының орташа пайызы 48%-ға тең екені анықталды. Университетте жалпы жиыны 28 студенттік ғылыми үйірмеде  1 000-ға жуық білім алушы жұмыс істейді. Жыл сайын студенттеріміз халықаралық, республикалық конференциялардың, олимпиадалардың, конкурстардың жеңімпаздары атанады. 2022 жылы 150-ден астам студент жүлдегер атанды. Мұның бәрі университеттің сапалы, білікті және білімді профессорлық-оқытушылық құрамының қажырлы еңбегінің нәтижесі.  

Жанар ҚАЛИБЕКҚЫЗЫ,

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ-ның

Басқарма мүшесі – ғылым және инновация жөніндегі проректоры,

биология ғылымының кандидаты, профессор

 

Серіктес жаңалықтары