Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізілді

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізілді

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізілді
ашық дереккөзі
50752

Қазақстан мен Қытай Үкіметі екі бағытта да өз азаматтары үшін визасыз режим енгізуі мүмкін. Мұндай қаулының жобасын Сыртқы істер министрлігі әзірледі деп хабарлады turkystan.kz.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Қытайға, ал ҚХР азаматтары Қазақстанға визасыз бара алады,  туристер шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік кезеңде 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады.

Егер осы елдердің бірінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағында көзделген мерзімнен ұзағырақ қалуға ниет білдірсе, онда олар мемлекет аумағына кіргенге дейін тиісті визаға жүгінуге тиіс.

Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚР азаматының төлқұжаты;
  • ҚР аумағына қайту туралы куәлік.

Қытай азаматтары үшін:

  • ҚХР азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;
  • ҚХР азаматының төлқұжаты;
  • уақытша жол жүру құжаты.

«Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді» делінген қаулыда.

Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары