ҚазҰПУ-да «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті

ҚазҰПУ-да «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті

ҚазҰПУ-да «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті
ашық дереккөзі
50362
Абай университетінде ғылым онкүндігі аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтті. Оған ҚазҰАЗУ-дің Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, PhD докторы Ержан Жұмабек арнайы қонақ ретінде қатысты.  width= Жас зерттеушілер кеңесінің постдокторанттары Шахислам Лайсханов пен Нұрбол Үсеновтің ұйымдастыруымен өткен басқосуда қонақтар сұрақтарға жауап беріп, жетістікке жетудің қыр-сырымен бөлісті. Іс-шараны университеттің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев және Жаратылыстану және география институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Қарлығаш Мұздыбаева ашып, ақжарма тілектерін білдірді.  width= Жиынға ұстаздар, студенттер, сондай-ақ Жас зерттеушілер кеңесінің мүшелері ‒ постдокторант Гүлсамал Дюсембина, PhD докторлар Назым Конкабаева мен Алтынай Жакупова қатысты. Кездесуді Жас зерттеушілер кеңесі Коллаборация комитетінің жетекшісі, әдебиеттанушы Әлібек Байбол жүргізді.

Серіктес жаңалықтары