ҰТО педагогтерді тестілеу уақытын ұзартты

ҰТО педагогтерді тестілеу уақытын ұзартты

ҰТО педагогтерді тестілеу уақытын ұзартты
ашық дереккөзі
50301
Педагогтердің білімін бағалау мерзімі 25 сәуірге дейін дейін ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz ҰТО баспасөз қызметі. Бұл өзгеріс тесілеуге қатысуға өтініш берген үміткерлердің көп болуына байланысты енгізіліп отыр. Сонымен қатар, тестілеуден өту кезінде жеткілікті балл жинамаған педагогтер 2023 жылғы 6-19 шілде аралығында қайта тапсыра алады. Педагогтерді аттестаттау қағидаларының 88-бабына сәйкес педагогтер тестілеуден күнтізбелік жыл ішінде екі рет ақысыз өте алады. ҰТО жазбасында бірнеше педагог тестілеуге тіркеле алмай жатқанын жазған. ҰТО баспасөз қызметі Информбюро тілшісіне сайтта ешқандай ақау болып жатпағанын, тестілеуге қатысушылар санының көптігінен орындар тез бітіп қалып жатқанын айтып түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары