Санжар Досжанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Санжар Досжанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Санжар Досжанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
50479
Қазақстандық балуан Санжар Досжанов (70 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Спортшы финалда өзбекстандық Зафарбек Тихоновпен шеберлік байқасты. Алғашқы сәттен Санжар қарсыласына қарсы шабуылға шықты. Әдіс-тәсілді қолдануға тырысты. Нәтижесінде осындай әдісі арқылы екі ұпайға қол жеткізді. Осылайша ол қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Санжар Досжанов алдымен Оңтүстік Корея өкілі Пак Су Хенді қапы қалдырса, одан кейін қырғызстандық Орозобек Токтомамбетовті, Мортеза Гиасиді жеңді. Финалдағы қарсыласы - өзбекстандық Зафарбек Атахунов.

Серіктес жаңалықтары