Қазақстанда ажырасудан қай өңір көш бастап тұр?

Қазақстанда ажырасудан қай өңір көш бастап тұр?

Қазақстанда ажырасудан қай өңір көш бастап тұр?
ашық дереккөзі
50466
Ұлттық статистика бюросы бір жыл ішінде 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқанын хабарлады. Бұл статистика 2021 жылмен салыстырғанда 7,7% аз деп хабарлады turkystan.kz. Ulysmedia.kz хабарлауынша 2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% аз. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 85,4 мың неке (66,5%) қалаларда, 43,0 мың неке (33,5%) ауылдық жерлерде тіркелген. Ажырасуларға келсек, 2021 жылмен салыстырғанда бұзылған некелер саны 7,7% азайған. Бір жыл ішінде 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқан. Олардың ішінде 33,2 мың ажырасу (74,6%) қалаларда тіркелсе, ауылдық жерлерде 11,3 мың ажырасу (25,4%) тіркелді. Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында байқалды, онда ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 3,24, ал ең төменгі Түркістан облысында – 1000 тұрғынға шаққанда 0,98 оқиғаны құрады.

Серіктес жаңалықтары