Астананың белсенді тұрғындары қар күреу акциясын бастады

Астананың белсенді тұрғындары қар күреу акциясын бастады

Астананың белсенді тұрғындары қар күреу акциясын бастады
ашық дереккөзі
50616
Қалалық акцияны елорданың белсенді тұрғындары толассыз жауған қардан кейін бастады деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Іс-шараға Астананың жастары, әншілер, спортшылар қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, осылайша бірлесіп, ардагерлерге көмек қолын созса немесе есік алдының қарын күресе, нұр үстіне нұр болар еді», – деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.
 width= Астанада демалыс күндері жауған қардың мөлшері айлық нормадан асып түсті. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, ай сайынғы норма 22 мм болған жағдайда, Астанада тек соңғы үш күнде 37,6 мм қар жауды.
«Бүгін челлендж бастап, қарттарымызға көмек қолын созуды жөн көрдік. Сол себепті достар, осы бастамамызға міндетті түрде қолдау көрсетсеңіздер деймін. Сөзбен емес іспен көмек көрсетейік», – деді «Street Workout Kazakhstan» негізін қалаушы Айтым Жақыпов.
Астанада коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қар күреу жұмысына күн сайын 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Еске салайық, соңғы үш күнде қаладан 71 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 5,5 мыңнан астам жүк көлігінің рейсіне тең. Жұртшылықты игі іс-шараға атсалысуға спортшылар да шақырды. Айта кетейік, қыс мезгілінің басынан бері бүгінгі күнге дейін полигондарға 4 миллион текше метрге жуық қар шығарылды, бұл - 318 мыңнан астам рейс.  width=  width= width=  

Серіктес жаңалықтары