Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында үшем дүниеге келді
ашық дереккөзі
50327
Түркістан облысында үшем дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz. Түркістан облысының №2 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Бәйдібек ауданының тұрғыны 2 перзентінен соң, 3 ұл босанып, батыр ана атанды. Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан есімдері берілді. Олардың салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр. Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетіп, тиісті шараларды қабылдады. Балалардың жағдайы жақсы. Бүгін перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне шығарып салды. Айта кетейік, бұл - жыл басынан бері Түркістан облысында дүниеге келген үшінші үшем.

Серіктес жаңалықтары