Қазақстандық кәсіпқой бокстың проблемасы көп – Еділ Қожамбердиев

Қазақстандық кәсіпқой бокстың проблемасы көп – Еділ Қожамбердиев

Қазақстандық кәсіпқой бокстың проблемасы көп – Еділ Қожамбердиев
ашық дереккөзі
50531
Бұл туралы кәсіпқой боксшы Еділ Қожамбердиев (11-2, 11 КО) белгілі спорт журналисі Серік Ноянның SPORTNAMA ютуб арнасына берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір қазақстандық кәсіпқой бокстың проблемасы көп. Көпшілігі боксшылар қырып ақша тауып жатыр деп ойлайды немесе мемлекет көп қаржы құяды деп санайды. Ол – қате пікір. Бұл бизнесте алаяқтар да жеткілікті. Менің белгілі промоутерім жоқ болғандықтан жекпе-жектерімді өзім ұйымдастырамын. Қарсыласымның ганорары, жолдың немесе бапкердің ақысы сияқты шығындарды өзім жаптым.  Бүгінге дейін 100-150 мың доллардай ақшам кетті. Қарсыласыңа ақша төлейсің, кейде одан өзің таяқ жеп ұтылып жатасың. Дегенмен бұл менің бала арманым еді. Танымал спортшы болу, көк туымызды биікке көтеру деген мақсатым алға жетеледі. Өзімді Қазақстанның жарнамасына арнайы үлес қосып жатырмын деп санамаймын. Балаларым мақтан тұтып, жанкүйерім қолдаса, маған үлкен рух сыйлайды. Кәсіпқой боксты қазір қоятын ойым жоқ», - деді боксшы.
Сондай-ақ спортшы келесі жекпе-жегі Түркия елінде өтетінін айтты.
«30 сәуірде Түркияда WBC Middle East титул үшін жекпе-жек өткіземін. Кештің екінші басты кездесуі. Стамбулда болатын бұл айқасқа қызу дайындық үстіндемін. Бұйырса, тағы бір жеңісіммен елімді қуантқым келеді», - деді ол.
https://youtu.be/ioCJseBiRZ4?t=3709  

Серіктес жаңалықтары