Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
51760
Түркістан облысындағы тас жолда болған ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Жол-көлік апаты Түркістан облысы Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдер-Түркістан-Кентау тас жолында болған. Nexia маркалы автомобиль мен жүк автокөлігі соқтығысқаны анықталды.
«Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар осы автокөліктің бір жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталуда.
«Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелері мен жол белгілерінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң қолдануға шақырады», - деді Отырар АПБ бастығының міндетін атқарушы Медет Бөрібеков.
 width=

Серіктес жаңалықтары