Павлодарда кәріз құбырынан шала туған баланың денесі табылды

Павлодарда кәріз құбырынан шала туған баланың денесі табылды

Павлодарда кәріз құбырынан шала туған баланың денесі табылды
ашық дереккөзі
50248
Павлодарда үйдің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау барысында жаңа туған нәрестенің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, 20 сәуір сағат 18.15 шамасында Бакинская көшесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған баланың денесі табылған. ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары