387
Вишневская ел қоржынына тағы бір алтын салды
Вишневская ел қоржынына тағы бір алтын салды
Универсиадада еліміздің намысын қорғаған биатлоншы Галина Вишневская 12,5 шақырым қашықтыққа масс-старт жарысынан бірінші орынға қол жеткізді. Бұл – спортшы қыздың Қазақстан қоржынына салған екінші алтыны.
Вишневская төрт нысананың біреуінен ғана мүлт кетіп, қашықтықты 36:15.4 минутта жүріп өтті. Күміс медаль украин спортшысы Яна Бондарьға (+1:02.3) бұйырса, қола медальді ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) жеңіп алды.
Тағы бір қазақстандық Елизавета Бельченко (+1:27.0) үш рет мүлт кетіп, төртінші орын алып қалды. Одан кейін тағы бір отандасыммыз Дарья Усанова (+2:10.9) келді. Ол алты рет мүлт кетті.