Тәжікстан оқушылары оқуды 1 тамыздан бастамақ

Тәжікстан оқушылары оқуды 1 тамыздан бастамақ

Тәжікстан оқушылары оқуды 1 тамыздан бастамақ
ашық дереккөзі
393
Тәжікстанның білім және ғылым министрлігі жанындағы білімді дамыту институты оқу жылын 1 қыркүйектен емес, 1 тамыздан бастауды ұсынып отыр. Бұл жөнінде институт директоры Шарифмурод Исрофилниё мәлімдеді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. Оның сөздерінше, бұл мәселені зерттеуді білім және ғылым министрлігі тапсырған. Мамандар 1 тамыз оқу жылының басталуы үшін ең тиімді уақыт деген шешімге келген. Егер балалар тамыз айынан бастап оқитын болса, алғыр болып келеді екен. Оқу жылының басын ауыстыру мектеп бітірген түлектер үшін жоғары оқу орнына түсуге жақсылап дайындалуға мүмкіндік береді дейді Шарифмурод Исрофилниё. Институт мамандары ауыл мектептерінде оқитындар әдетте маусым және шілде айында ата-аналарына егістікке көмектеседі, олар уақытында емтиханға дайындала алмайды дейді. Оқу жылын мамыр айының басында аяқтаған кезде, олар емтиханға да, бәріне үлгереді деп есептейді. Оқу жылының басын ауыстыру тек Тәжікстандағы жалпы білім беру мектептеріне ғана қатысты болмақ. Егер үкімет институттың ұсынысын бекітсе, онда Тәжікстан постсоветтік елдердері оқу жылын бір ай бұрын ерте бастайтын бірінші ел болмақ.

Серіктес жаңалықтары