288
Анна Шевченко Универсиададағы бесінші медаліне қол жеткізді
Анна Шевченко Универсиададағы бесінші медаліне қол жеткізді
Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко қысқы Универсиада ойындарында өзінің бесінші жүлдесін жеңіп алып, ел қоржынына қола медаль салды. Шевченко 15 шақырымға масс-старт бәсекесінде мәре сызығын үшінші болып кесті деп хабарлайды vesti.kz
Ел намысын қорғаған спортшы үздік көрсеткішке ие болған ресейлік Лилия Васильевадан 7.8 қалып қойды. Екінші орынды бұл жарыста екінші бір ресейлік Анна Нечаевская (+2.0) алды. Бұл бәсекеге сынға түскен отандастарымыздың арасында Ольга Мадрика (+48.1) бесінші, Ангелика Шурыга (+1:48.2) сегізінші, Марина Матросова (+3:05.4) тоғызыншы болып мәре сызығын кесті. Айта кетейік, бұл Анна Шевченко үшін Универсиада ойындарында жеңіп алған бесінші жүлдесі.
Айта кетейік, бұған дейін спортшымыз екі қола, бір күміс және бір алтын жүлде жеңіп алған болатын.