209
Путинді "қанішер" деп атаған журналист кешірім сұрауға асықпайтынын айтты
Путинді "қанішер" деп атаған журналист кешірім сұрауға асықпайтынын айтты
Владимир Путинді "қанішер" деп атағаны Fox News арнасының жүргізушісі Билл О'Рейли Кремльдің президенттен кешірім сұрау туралы талабын орындағысы жоқ. Бұл туралы Mk.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Тележүргізуші өзі жүргізетін бағдарламада көрермендерге Путиннен кешірім сұрауды жоспарламайтынын айтқан.
"Мен одан кешірімді қалай сұрайтынымды әзірге ойластырып жүрмін, бірақ, бұл біраз уақыт алуы мүмкін. 2023 жылдары бәлкім іске асатын шығар", - деді ол.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков О'Рейлидің сөздері адамның жеке басына тіл тигізу деп саналатынын және мұндайға жол беруге болмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ресейдің журналистер одағы да америкалық тележүргізушіні пікірі үшін айыптап, ешкімнің біреуді болмаған қылмыс үшін қанішер деп айыптауға құқығы жоқ екенін айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасының жүргізушісі Билл О'Рейлиге берген сұхбатында Ресей президентін құрметтейтіндігін айтқан. Ал тілші болса, Батыстың Мәскеу мен Путинге таққан айыптарын еске салып, Ресей көшбасшысын "қанішер" деп атады. Осы кезде АҚШ көшбасшы "Біздің елді сүттен ақ, судан таза деп ойлайсыз ба?", - деп журналиске қарсы сұрақ қойып, Ресеймен жауласқаннан гөрі жақсы қарым-қатынас ұстау керектігін жеткізген еді.