Түркиядағы "тазарту" науқанында 4,5 мың мемқызметкер жұмыстан қуылды

Түркиядағы "тазарту" науқанында 4,5 мың мемқызметкер жұмыстан қуылды

Түркиядағы "тазарту" науқанында 4,5 мың мемқызметкер жұмыстан қуылды
ашық дереккөзі
200
2016 жылдың шілдесіндегі әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін Түркияда "тазарту" жұмыстары әлі де жалғасуда. Нәтижесінде тағы 4464 мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды. Бұл туралы Resmi Gazete газетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.   Үкіметтің шешімімен, білім беру жүйесінің - 2585, жандармерияның - 893 және қауіпсіздік қызметінің 417 қызметкері жұмыстан қуылды, деп хабарлайды «РИА Новости» агенттігі. Айта кетейік, Түркиядағы әскери төңкеріс жасау әрекеті 16 шілдеге қараған түні болған еді.  Бірнеше күн өткен соң елде төтенше режім енгізілді. 240-тан астам азамат қаза болды, 2 мыңнан астамы жарақаттанды. Түркия билігі оппозициялық исламдық насихаттаушы Фетхуллах Гүленді төңкеріс ұйымдастырмақ болды деп айыптап, АҚШ-тан оны экстрадициялауды сұрады. Гүлен болса, болған жағдайға қатысы жоқтығын мәлімдеді. Бұған дейін Түркия президенті Тайып Эрдоған мәлім еткендей, Гүленнің (FETO) ұйымына қатысы бар 43 мың адам тұтқындалды, 93 мыңға жуық мемқызметші қызметтерінен қуылған.

Серіктес жаңалықтары