Жетім балалар жұмыссыз қалмайды

Жетім балалар жұмыссыз қалмайды

Жетім балалар жұмыссыз қалмайды
ашық дереккөзі
547
Қарағанды облысында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрақты жұмыспен қамту жөнінде жұмыс берушілер, жергілікті атқарушы органдар және партия филиалдары арасында меморандумға қол қойылды. Меморандумның басты мақсаты – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған колледж және ЖОО түлектерін тұрақты жұмыспен қамту үшін құзырлы органдар арасында бірлескен жұмыстар жүргізу. – Бұл меморандумдар бізге қабілетті жастарды жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Біз колледждердің, жоғары оқу орындарының түлектерін жастар практикасынан өтуге жібереміз. Практика өткеннен кейін жұмыс берушілер бос жұмыс орындары болған жағдайда оларды тұрақты жұмысқа орналастыра алады, – дейді Шет ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Жанат Сағалиев. Облыс кәсіпкерлері іс-шара барысында тараптардың өзара ынтымақтастығы мен қарым-қатынастары туралы өз ойлары мен пікірлерін білдірді. – Біз жыл сайын «Сәтті қадам», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасының аясында балалар үйлеріндегі жоғарғы сынып оқушыларына және ЖОО мен колледждегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргіземіз. Түрлі іс-шаралар, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырамыз. Мерекелерде балалар үйлеріне барып  сыйлықтарымызды береміз, – деді «Центрпромстрой» ЖШС басшысы Петр Толстов. Облыстық филиал өкілдерінің айтуынша, партиялық жобаларды іске асыруда аймақтық «Теміртау электр металлургия комбинаты» ЖШС, «КазПласт» ЖШС, «Шайыртау» ЖШС, ЖК «Абенова», ЖШС «Жаңа-Мырыш» сияқты ұйымдары үлкен көмек көрсетеді. Меморандумдарға қол қойылғаннан кейін қатысушылар Елбасының билік тармақтарының арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу, Президент Жолдауының негізгі бағыттары туралы мәселелерді талқылады. Іс-шараға қатысушылардың барлығы Президент бастамаларын қолдайтындарын білдірді.

Серіктес жаңалықтары