50342
Елена Рыбакинаны марапаттау рәсімінде шу шықты
Елена Рыбакинаны марапаттау рәсімінде шу шықты
Римде өткен үлкен теннистен WTA-1000 турнирі аясындағы марапаттау рәсімінде шу шықты деп хабарлады turkystan.kz.
БАҚ-та жазылып жатқан мәліметке қарағанда, марапаттау кезінде ұйымдастырушылар Елена Рыбакинаны шақырып алып, бірақ сыйлықты беруді ұмытып кеткен. Кейін оны Рыбакинаның өзіне сұрауға тура келген.
Жүргізуші украин спортшысына сөз бергенде оның тегін Рыбакина деп айтып, шатысқан.
Болған жағдайды әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұл турнирде отандасымыз Елена Рыбакина чемпион болып, жалпы әлемдік рейтингте 4-орынға жайғасты.