Австриядағы әлем біріншілігінде Қазақстан биатлоншылары допинг дауына ілікті

Австриядағы әлем біріншілігінде Қазақстан биатлоншылары допинг дауына ілікті

Австриядағы әлем біріншілігінде Қазақстан биатлоншылары допинг дауына ілікті
ашық дереккөзі
368
Австрияда өтіп жатқан биатлоннан әлем біріншілігінде  Қазақстан құрамасы келеңсіз жағдайға тап болды. Ел спортшыларына допинг қолданды деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Cпорт-Экспресс хабарлады. Жергілікті жанармай құю бекеттерінің бірінде белгісіз спортшылар медициналық қалдықтар салынған қораптар мен жарыс құжаттарын тастап кеткен. Австрияның допингке қарсы Ұлттық орталығының жүргізген сараптамасының нәтижесінде аталмыш қораптар мен құжаттар Қазақстан делегациясына тиесілі екендігін анықталды. Осыған байланысты, жергілікті 30-ға жуық полиция өкілдері Қазақстан делегациясын тексеріп, әр түрлі медициналық құралдар мен ұялы телефондарды тәркілеген. Артынша Қазақстан құрамасының барлық спортшыларынан қан-сынамалары алынды. Қазақстандық шаңғышы Ольга Полторанина аталмыш жағдайға қатысты қатысты өз пікірін білдірді.  width= "Біз өзімізге 100 пайызға сенімдіміз. Арымыз таза. Олар ештеңе таппайды. Бізге жағдайды түсіндірместен алып кетті. Мүмкін жаттықтырушыларға мән-жайды түсіндірген болар. Әзірге біз ештеңе білмейміз", - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары