292
"Almaty towers"-тағы өртке қатысты тың дерек пайда болды
"Almaty towers"-тағы өртке қатысты тың дерек пайда болды
6 адамның өмірін қиған Алматыдағы "Almaty towers" ғимаратындағы өртке қатысты жаңа деректер пайда болды деп хабарлайды КТК арнасы.
Отқа оранған "Almaty towers" ғимаратының өртке қарсы бірде бір жүйесі істемеген. Әрі апаттық жағдайдағы шығар есігі де жабық болыпты.
Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасылардың адвокаты бүгін осындай мәлімдеме жасады. Сөзіне дәлел ретінде сол жердегі жұмысшылар түсірген таспаны да көрсетті. Қайғылы оқиға өткен жылы 6 қарашада болған еді. Сол кезде тілсіз жау жалданып жұмыс істеп жүрген 5 студент пен тағы бір дәнекерлеушінің өмірін қиған еді.
Қос мұнаралы бизнес орталығының қосалқы бөлігінің шатыры отқа оранғанда 1800 шаршы метр аумақтың күлі көкке ұшқан. Сот төтенше жағдайдың құрбаны болған дәнекерлеуші мен 5 студентке қатысты енді тың дәйек шығып отыр.
Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасылардың адвокаты ғимаратта өртке қарсы жүйе іске қосылмаған деген сөзін бейнежазбамен дәлелдемек болды. Оны дәл сол күні тренинг өткізіп жатқан батут орталығының қызметкерлері түсіріпті.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, тергеу шараларына байланысты біраз уақыт ешкімді жолатпай қойған ғимаратта қазір құрылыс басталып кеткен.