50412
Орман өртінің түтіні кімдерге қауіпті? – Министрлік дабыл қақты
Орман өртінің түтіні кімдерге қауіпті? – Министрлік дабыл қақты
Денсаулық сақтау министрлігі орман өртінің түтіні кімдерге қауіпті екенін айтып, ескерту жасады деп хабарлады turkystan.kz.
Орман өртінің түтіні өкпенің созылмалы ауруы, демікпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтар, егде жастағы адамдар, балалар, спортпен өте белсенді шұғылданатындардың денсаулығына әсер ету қаупі өте жоғары.
Түтіннен зардап шегетін өңір тұрғындарына ұсынылатын шаралар:
- Түтін басқан далада серуендемеу, әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға көшеге мүлдем шықпау;
- Денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен алып жүру;
- Үй мен есіктерді жабық ұстау;
- Терезелерге, желдеткіштерге ылғалданған шүберек іліп қою, оны ауыстырып отыру;
- Үй-жайларда ауаны ылғалдандыру, ауаның ластануын арттыратын әрекеттерден аулақ болу;
- Көлік құралдары ешқашан гараж сияқты жабық кеңістікте жұмыс істемеу;
- Ересектер үшін сұйықтықты тұтынуды тәулігіне 2-3 литрге дейін арттыру (минералды су, итмұрынның, көкжидектің қайнатпалары, көк шай), жас балаларға қайнаған су беру;
- Бастың ауруы, көмірқышқыл газымен уланудың алғашқы белгілері пайда болғанда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.