22 жастағы даниялық ару "Ислам мемлекетінің" 100 содырын өлтірді

22 жастағы даниялық ару "Ислам мемлекетінің" 100 содырын өлтірді

22 жастағы даниялық ару "Ислам мемлекетінің" 100 содырын өлтірді
ашық дереккөзі
559
ДАИШ-тың 100-ге тарта содырын өз қолымен атып өлтірген 22 жастағы Джоанна Паланиға әлем назары ауды. "Ислам мемлекеті" ұйымы өз мүшелерін қырып салған даниялық студентке іздеу салды. Бұл жөнінде ресейлік басылымдарға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. Джоанна ДАИШ-қа қарсы күресіп жатқан күрдтер жағында болған. 1993 жылы өмірге келген бойжеткен 2011 жылдан бастап Сирияға үкіметтік әскерге қарсы күресу мақсатымен келген. Алайда көп уақыт өтпей ол ДАИШ содырларына қарсы күреске қатысуға бел шеше кіріскен. Палани Кобань қаласын содырлардан қорғауға да атсалысқан. Джоанна өзінің қаруды өте жақсы меңгеруімен ерекшеленеді. Мергендігімен танылған бойжеткеннің айтуынша, ол өз қолымен 100-ге тарта содырды атып өлтірген. Данияға оралған қызды билік түрмеге қамап қояды. Себебі, Дания өз азаматтарына әскери қақтығыстарға қатысуға тыйым салған. Палани бірнеше апта бойы түрмеде отырып, Рождествоның алдында ғана бостандыққа шыққан.

Серіктес жаңалықтары