Министр Абай облысындағы 9, 11-сынып түлектері емтиханды қайда тапсыратынын айтты

Министр Абай облысындағы 9, 11-сынып түлектері емтиханды қайда тапсыратынын айтты

Министр Абай облысындағы 9, 11-сынып түлектері емтиханды қайда тапсыратынын айтты
ашық дереккөзі
50297
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Абай облысында эвакуацияланған 9, 11-сынып түлектері мектеп бітіру емтихандарын Семей қаласында тапсыратынын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Министр алдымен Абай облысында алапат өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты. Министрдің айтуынша, өңірде қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Олар отбасымен бірге Семейдегі екі колледж ғимаратына орналастырылған.
«Эвакуацияланған 9, 11-сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалуда – мектеп бітіру емтихандары Семей қаласында ұйымдастырылады. Апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасы балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатын болады. Балалардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында» деп жазды министр парақшасында.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік бірқатар шара қабылдап жатқанын жеткізді. Оқиға болған аймақта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күш жұмылдырылды. Осы күндері министрліктің аумақтық департаментінің, Балалардың құқығын қорғау комитетінің және облыстық Білім басқармасының өкілдері балалармен жұмыс жүргізіп жатыр.    

Серіктес жаңалықтары