Франция мен Италияда дәстүрлі қысқы карнавал басталды

Франция мен Италияда дәстүрлі қысқы карнавал басталды

Франция мен Италияда дәстүрлі қысқы карнавал басталды
ашық дереккөзі
407
Францияның Ницца қаласында дәстүрлі қысқы карнавал басталды деп хабарлайды 24.kz. Биыл 133-рет ұйымдастырылып тұрған салтанатты шара күшейтілген қауіпсіздік жағдайында өтіп жатыр. Өйткені былтыр шілде айында шаһарда Бастилия қамалын алу күнін тойлау кезінде лаңкестік әрекеттен 86 адам көз жұмған еді. Сондықтан шара кезінде қандай да болмасын отшашулар мен ойыншық қару-жарақтар қолдануға тыйым салынған. Қонақтар карнавалға мұқият тексерілгеннен кейін ғана жіберіледі. Биылғы карнавалға «Қуат патшасы» деген атау берілген. Шара барысында концерттер мен сәнді шерулер өтеді. Ол 25 ақпанға дейін созылып, әсем отшашулармен аяқталады. Италияның Венеция қаласында да әйгілі карнавал ашылды. Мереке шаһардағы су жолының жағасында түрлі жарық шоуларымен басталды. «Венеция тарихи республикасы» атауымен өтіп жатқан маскалы сән-сауыққа мыңдаған адам қатысып жатыр. Карнавал кезінде шаһар көшелерінде сәнді шерулер ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарға шарап пен тәттілер тарту етіледі. Маскалы мереке ақпанның аяғына дейін созылмақ.

Серіктес жаңалықтары