384
Сеул Пхеньянға жауап қайтармақ
Сеул Пхеньянға жауап қайтармақ
Корея Республикасы КХДР-дың әрекетіне жауап ретінде өз баллистикалық зымыранын сынақтан өткізу мүмкіндігін қарастыруда деп хабарлайды «Ренхап».
«Жексенбі күні Солтүсік Корея зымыранының сынақтан өткізілуіне жауап ретінде қауіпсіздікке қатер төнетінін ескерту шараларын қарастырып жатырмыз. Солтүстіктің кез келген агрессиясына жауап бере алатынымызды көрсетпекпіз», - деді Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі ақпарат агенттігіне жасаған мәлімдемесінде
Еске сала кетейік, кеше, 12 ақпанда Солтүстік Корея тоғызыншы баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлағанындай, зымыран Пхёнан-Пукто провинциясындағы әуе базасынан ұшырылған. Ракета 500 шақырым қашықтыққа дейін ұшып барып, Жапон теңізіне құлаған.