Фри картобының қандай қаупі бар? – Зерттеу

Фри картобының қандай қаупі бар? – Зерттеу

Фри картобының қандай қаупі бар? – Зерттеу
ашық дереккөзі
50320
Ересектер де, балалар да қытырлақ дәмі, тұздылығы және тәттілігі үшін фри картобын жақсы көреді. Бұл дәм рецепторлардың әсерінен жүрегіміздің соғуын тездетеді. Басқа да кері әсері бар. Бұл туралы turkystan.kz PNAS зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады. Бұл қуырылған тағамның семіздік, жоғары қан қысымына әкелетінін және денсаулыққа басқа да кері әсері туралы ғалымдар зерттеп қойған. Дегенмен жаңа зерттеулер психикалық денсаулық үшін де қуырылған тағамды азайту керегін көрсетіп отыр. Ханчжоудағы (Қытай) зерттеу тобы қуырылған тағамдарды, әсіресе фри картоптарын жиі тұтыну мазасыздануды 12%-ға, депрессия қаупін 7%-ға арттыратынын анықтады. Бұл көбіне жастар арасында байқалған. Зерттеуге 140 728 адам қатысқан, ол 11,3 жылға созылды. Алғашқы 2 жыл ішінде депрессия диагнозы қойылған қатысушыларды есептемегенде, қуырылған тағамды жегендерде жалпы 8 294 мазасыздық ауруы және 12 735 депрессия жағдайы анықталды.  

Серіктес жаңалықтары