«Денесін суға лақтырған»: Грузияда көз жұмған журналиске қатысты тың дерек шықты

«Денесін суға лақтырған»: Грузияда көз жұмған журналиске қатысты тың дерек шықты

«Денесін суға лақтырған»: Грузияда көз жұмған журналиске қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзі
50394
Қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің Грузияда қаза тапқанына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды деп хабарлады turkystan.kz. Грузия ІІМ Кахетия полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Г.Х. Төлегенді қасақана өлтірді деген күдікпен ұсталды деп жазды semeytany.kz. Оның кінәсі дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айыпталушы Сагареджо муниципалитетінде туындаған жанжал кезінде өзінің көптен бергі танысы Жанбота Төлегенді қатты затпен ұрып өлтіріпті. Ресми мәліметтерге сәйкес, күдікті қылмысын жасыру үшін әйелдің денесін өзенге лақтырып жіберіп, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша Грузия қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары