Денсаулығыңызды тексеріңіз: 24 маусымда Астанада ашық есік күні өтеді

Денсаулығыңызды тексеріңіз: 24 маусымда Астанада ашық есік күні өтеді

Денсаулығыңызды тексеріңіз: 24 маусымда Астанада ашық есік күні өтеді
ашық дереккөзі
50234
2023 жылғы 24 маусымда сенбі күні сағат 09:00 - ден 13:00-ге дейін Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық-диагностикалық орталығында ісік алды ауруларын, бүйрек және несеп шығару жолдарының обырын ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтеді деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын орталықтың мына жетекші  онкоуролог дәрігерлері қабылдайды: - Құрманов Талғат Аманжолұлы, м.ғ.к., магистр, PhD, дәрігер уролог, онкоуролог, хирург, онкоурология секторының аға ординаторы; - Мұғалбеков Шалқарбек Бәкірұлы, жоғары біліктілік санатты дәрігер, онкоуролог, хирург; - Мұстафинов Дәурен Дулатұлы, онкоуролог дәрігер, медицина магистрі; - Кубеев Жанқуат Тұрсынұлы, уролог-андролог дәрігер, онкоуролог. Сондай-ақ, онкологиялық обырды (бүйрек обыры, қуық асты безі және қуық, аталық без обыры) белгілерін ерте анықтау бойынша консультация беріледі. Консультацияға 18 жастан асқан ҚР азаматтары шақырылады. ЕГЕР СІЗДЕ: - бүйрек ауруы, несептегі қан қоспасы, түсініксіз этиологиядағы анемия, несеп шығару проблемалары (ауырсыну, ыңғайсыздық және т.б.); - аталық без немесе ұма аймағындағы ауырсыну немесе ыңғайсыздық (ісіну, ісік және ауырлық сезімі, іштің және арқаның төменгі бөлігіндегі ауырсыну, ұмадағы сұйықтық және т.б.). Өтініш білдіргендер Ұлттық ғылыми онкология орталығының көпбейінді хирургия орталығының онкоуролог дәрігерлерінен тегін консультация ала алады. Қабылдайтын күні сізде жеке куәлік және функционалдық диагностиканың медициналық қорытындылары болуы керек. Алдын ала жазылу үшін Call-center бірыңғай телефон нөміріне қоңырау шалу қажет: 8 (7172) 702 - 911, 702 - 900, жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі-демалыс күндері. Мекенжай: Астана қ., Керей және Жәнібек хан к-сі, 3. ҰҒОО жұртшылықпен байланыс қызметі: +7 778 700 43 24.  

Серіктес жаңалықтары