«Бақшада транс жүр»: алматылық ата-аналар шу шығарды

«Бақшада транс жүр»: алматылық ата-аналар шу шығарды

«Бақшада транс жүр»: алматылық ата-аналар шу шығарды
ашық дереккөзі
50466
Алматылық ата-аналар балалары баратын орталықта жынысын ауыстырған педофил жүргенін айтып, шу шығарды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды  деп хабарлады turkystan.kz.
«Бізде ең қорғаусыз мектеп пен бақша. 9 ай оқу жылында мектепті педофил мен жүйкесі тозғандар ториды. Ал, бақшада жынысын ауыстырған педофил жүр деп шулады алматылық ата-аналар. Бақша болғанда, бұл - ең ауыр жағдайдағы ақыл-есі кеміс ерекше балаларға арналған орталық. Өздігінен жүріп-тұра алмайды, сөйлей алмайды», - дейді ол.
Журналистің айтуынша, прокуратура «жекеге қол сұға алмаймыз» деген. Ал полициядан «сотқа жүгініңдер, қылмыстық құрам жоқ» деген жауап алған.
«СЭС есік жабық, БАҚ байланыс жоқ деп құтылды. Сонда балаларды кім қорғайды? Балалардың мектеп алдындағы тәрбие-білімін қадағалайтын @edu.almaty қайда қарап отыр? Кеше ғана Art-sport бағдарламасымен балаларды экс-сутенер мен жезөкшелер жаттықтырып келгені белгілі болды. Бұл фактіні прокуратура растап отыр. Осы бізге деймін, сырттан жау керегі жоқ, өз болашағымызға өзіміз-ақ балтаны аямай шабамыз» деп жазды журналист.

Серіктес жаңалықтары