Төтенше жағдай жариялануы мүмкін: Индерде қарақұрт қаптады

Төтенше жағдай жариялануы мүмкін: Индерде қарақұрт қаптады

Төтенше жағдай жариялануы мүмкін: Индерде қарақұрт қаптады
ашық дереккөзі
50989
Атырау облысының Индер ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Өйткені өңірде қарақұрт қаптап, адамдар мен төрт түлікті жаппай шағып жатыр екен. Жағдай әсіресе Көктоғай, Елтай және Бөдене ауылдарында ушығып тұр деп хабарлады turkystan.kz Информбюро-ға сілтеме жасап. Бүгінге дейін аталған елдімекендерде 120-дан астам түйені қарақұрт шағып, оның 16-сы өлген. Қалғанын иелері емдеп, аман алып қалған. Ал мамандар күн ысыған сайын қарақұрттың уы күшейе береді деп отыр. Индер ауданының тұрғындары екі күннен бері жандарын шүберекке түйіп отыр. Өйткені, аптап ыстық басталғалы ауылдарда қарақұрт қаптап, адам мен төрт түліктен маза кетті дейді. Қауіпті зиянкес 10 тұрғынды шағып үлгерген. Қайта барлығына дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетіліп, қазір үйлеріне жіберіліпті.
«Биыл күн ысығалы қаптап кетті. Ауа райы ыстық болған соң көбейіп кетті. Ауылдағы шарбақтарда да толып жүр. Өзім өлтірдім кеше. Осыдан екі жұма бұрын менің түйемді шақты, содан ветеринария бөліміне барып емдеттім», - деді ауыл тұрғыны Қайрат Шәлекенов.
Ауыл тұрғыны Сағат Сатқанов бұл мал ұстап отырған азаматтарға қиын боп жатқанын айтады.
«Қазіргі жағдайда түйеге өте қиын соғып тұр. Аяқ алып жүру мүмкін емес. Жергілікті басшыларға айтқанымен, аудан, облыс көлемінде еш қызмет көрсетіліп жатқан жоқ. Аудан әкімдігі ең болмағанда әкімдік тарапқа айттық бірақ жұмыстар шамалы боп тұр. Қазір Көктоғай, Елтай және Бөдене ауылдарында жағдай ушығып тұр. Бүгінге дейін бұл елдімекендерде 124 түйені қарақұрт шағып, оның 16-сы өлген. Тұрғындар қарақұрт төрт түлікті түгел шағып жатқанын айтады. Ал мамандар күн ысыған сайын қарақұрттың уы күшейе береді, сондықтан дер кезінде дәрігерлерге жүгінген жөн дейді», - дейді ол.
«Осы қарақұрт шаққан малдарыңызды жедел түрде ветеринария мамандарына хабарлап, емдік шараларын тездетіп алуларыңызды сұраймыз. Былтырғы көрсеткішке қарағанда биылғы көрсеткіште қарақұрт шағу өте жоғары темпте көрсетіп отыр. Егер зиянкестер көбейсе, ауданда төтенше жағдай жариялануы да мүмкін дейді ветеринария бөліміндегілер. Жалпы, облыс бойынша зиянкестермен күрес жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен биыл 56 миллион теңге бөлінген», - деді Индер аудандық ветеринариялық станция басшысының орынбасары.  

Серіктес жаңалықтары