Өзіне сенімсіз адамның үш белгісі

Өзіне сенімсіз адамның үш белгісі

Өзіне сенімсіз адамның үш белгісі
ашық дереккөзі
51375
Кейде өзімізге деген сенімді жоғалтып алатын жағдайлар болады. Бұған бірқатар фактор әсер етуі мүмкін. Соның кейбіріне тоқталып өтейік. Анда-санда тым қатты күйзелу қалыпты жағдай саналады. Өйткені бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Адамдар мұндайда стресс, шаршау және эмоционалдық немесе психикалық шаршауды бастан кешіреді. Ал бұл кезде адамның өзіне деген сенімділігі төмендейді. Алайда сеніміңіз қалыпқа келіп, ары қарай күйшеймесе, мұның себебі тереңде жатуы мүмкін. Бұл адамның өмірден ләззат алуына кедергі жасайды.
  1. Өткен оқиға
Егер сіз бұрын сәтсіздікке тап болсаңыз немесе жағымсыз оқиға бастан өтсе, бұл бұдан былай өзіңізді сенімді сезінбеуіңізге себеп болуы мүмкін.
  1. Салыстыру
Егер сіз өзіңізді үнемі басқалармен салыстырсаңыз, қабілетіңізге, өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтуыңыз мүмкін. Сонымен қатар өзіңізді басқалардың талабына сай емеспін деп ойлауыңыз мүмкін. Содан кейін санада сәтсіздік туралы ой пайда болып жатады.
  1. Қолдауды сезінбеу
Егер сіз жақын адамдарыңыздың қолдауын сезінбесеңіз, бұл өзіңе деген сенімді жоғалтудың маңызды факторы болуы мүмкін. Неге десеңіз, сізге сенетін немесе сізді жігерлендіретін ешкім болмаса, өзіңізді сенімді сезіну қиын болып жатады. Өмірдің барлық кезеңінде сізді қолдайтын адамның болуы бәрін өзгертуі мүмкін. Оның үстіне, бұл сізге өсуге және дамуға көмектеседі. Өзіңізге және іс-әрекетіңізге деген сенімді жоғалту өте оңай. Бірақ біліңіз, барлығын түзеуге болады. Алайда бұл біраз ерік-жігерді талап етеді. Өзіңізді қолға алсаңыз, міндетті түрде жетістікке жетесіз. Өз тағдырыңыздың иесі өзіңіз екенін ұмытпаңыз. Сондықтан алға қадам басуда тоқтамаңыз, өзіңізге деген сеніміңіз арта берсін.  

Серіктес жаңалықтары