Екі нокаут: Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде қалай өнер көрсетіп жатыр?

Екі нокаут: Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде қалай өнер көрсетіп жатыр?

Екі нокаут: Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде қалай өнер көрсетіп жатыр?
ашық дереккөзі
50425
Астанада бокстан Елорда кубогы халықаралық турнирінің бірінші күні аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Күндізгі сессияда бес, кешкі сессияда төрт жекпе-жек өтті. Бүгін боксшылар үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетті - 63,5 келі, 71 келі және 80 келі, оның ішінде Қазақстаннан он екі спортшы бар деп жазды Sports.kz. Барлық матчтың нәтижесі мынадай: 63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) Талғат Сырымбетовты (Қазақстан) бірінші айналымда техникалық нокаутпен жеңді. 63,5 кг. Василий Самчук (Қазақстан) Ділмұрат Мижитовты (Қазақстан) төрешілер шешімімен жеңді. 63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) Ерасыл Танкайды (Қазақстан) бірінші раундта нокаутпен жеңді. 63,5 кг. Сұлтан Мусинов (Қазақстан) Анкит Нарвалдан (Үндістан) басым түсті. 71 кг. Ермахан Жақпеков (Қазақстан) – Довуд Махамов (Тәжікстан) жекпе-жегінде Жақпеков бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті. 71 кг. Нұржан Амангелді (Қазақстан) Нурислом Исмоиловтан (Өзбекстан) айласын асырды. 71 кг. Сабыржан Аққалықов (Қазақстан) - Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан) жекпе-жегінде Асадуллаев жеңіс тұғырынан көрінді. 71 кг. Талғат Шәйкен (Қазақстан) – Хуршед Усвалиевты (Тәжікстан) жеңді. 80 кг. Ерасыл Жақпеков (Қазақстан) Шахбоз Хаитовты (Тәжікстан) төрешілер шешімімен жеңді.

Серіктес жаңалықтары