Ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың өліміне қатысты түсініктеме берді

Ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың өліміне қатысты түсініктеме берді

Ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың өліміне қатысты түсініктеме берді
ашық дереккөзі
50231
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың өліміне қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz. Федерация ұжымы спортшының отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.
«26 маусымда атақты қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов қайтыс болды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордсмені Владимир Седов бала кезінен Қазақстан спортына берілген еді. 2008 жылғы Олимпиадада 84 келіге дейінгі салмақта Владимир Седов төртінші орын алды. Ерекше жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Владимир 35 жаста еді. Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Владимирдің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ федерация Седовтар отбасына бес миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетуге және ұлын тәрбиелеуге қолдау көрсетуге уәде берді. Еске салайық, Седовтың қайтыс болғаны 27 маусым күні таңертең белгілі болды. Туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.  

Серіктес жаңалықтары